Көк шығанақ: Каспийдің жағалауы қоқыс алаңына айналды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қоқыс тастағандарға айыппұл салуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаудағы «Көк шығанақ» деп аталатын теңіз жағалауы қоқысқа толы. Жағажайдың адам шошырлық күйі әлеуметтік желідегі бейнежазбаларда кеңінен тараған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Нәтижесінде ахуал қызу талқыға түсіп, қоғамдық резонанс туды. Полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізіп, қоқыс тастағандарға айыппұл салуы мүмкін. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің өкілі мәлім етті. Аталған жер суға түсуге рұқсат етілмеген аймаққа жатады. Мұны ескертіп тұрғындар мен қонақтар үшін Сайын Шапағатов әкімдігі аймақтың кіре берісіне билборд орналастырған.

Айта кетейік, жағалау коммуналдық жағажай болмағандықтан, оның тазалығын күтіп-ұстауға арнайы қаражат қарастырылмаған.

– Сайын Шапағатов әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің атынан мердігер мекемелермен бірігіп, қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. Егер қоқыс төккен жағдайда, азаматтарға айыппұл салынатыны ескертіледі, – деді С. Шапағатов ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғибрат Мұхамбет.  

Оқи отырыңыз: Атыраудағы жол белгілерінің пайдасы жоқ - тұрғындар шағымы

Новости партнеров