Атырауда шенеуніктер ықшамаудандағы көшеге жаяу жүргіншілер белгілерін орнатып тастаған. Алайда тұрғындардың айтуынша, қойылған жол белгілерінің түк те пайдасы жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тіпті оны жүргізушілер де елемейтін көрінеді. Еркінқала ықшамауданындағы бір көшенің бойында шамамен 30-40 шақты белгі орнатылған. Ал әкімдіктегілер «белгілерді әу баста сметалық жобаға сәйкес, көрсетілген мөлшерде орнаттық, жұмыс толығымен аяқталған жоқ» дейді.
Айта кетейік, жоба 2018 жылы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Жауаптылардың айтуынша, болашақта бұл маңға арнайы жолақ сызылып, жасанды жол кедергілері салынады.
– Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес, жобаны жасақтап жатыр. Сызбада көрсетіліп тұр, мердігер мекеме салды. Бұл – қабылданбаған жоба. Жайлы жолдың беткі қабатын, асфальт салып жатыр. Жоба толықтай тротуары, бәрі біткен соң, банағы жолағы сызылады, қабылдап аламыз, – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында түрмеге телефонды нанның арасына тығып кірмек болған адам ұсталды