Сүт өнімдеріне қойылатын техникалық талап күшейтіледі

11.10.2023 20:15

Қазір 52 техникалық регламент қабылданды

Almaty.tv

Елімізде сынақ зертханаларының базасын дамыту қажет. База сүт және сүт өнімдерінің, алкогольдің техникалық талаптарға қаншалықты сай екенін анықтайды. Бұл туралы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында Еуразия экономикалық одағының техникалық регламенті мен техникалық реттеу саласындағы инновация сөз болды. Басты тақырып ретінде cүт және сүт өнімдеріне қойылатын техникалық талап мәселесі қаралды. Себебі аталмыш өнімдердің сапасын жақсарту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасына тікелей байланысты.

– Қазір 52 техникалық регламент қабылданды. Одан бөлек, тағы 10-ы әзірленіп жатыр. Оның үшеуіне Қазақстан жауапты. Жұмыс өте ауқымды. Бұл – жаңа техникалық регламент. Сондай-ақ отандық өндірушілердің талаптары мен ғылымның жетістігіне байланысты тағы 10-нан аса өзгеріс енгізу қарастырылып жатыр, – деді «Қазстандарт» РМҚ техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы басшысының орынбасары Александр Раззаренов.

Оқи отырыңыз: Биыл ішкі нарыққа ұн көлемі жете ме