|
20.02.2020 | 17:11
4603

Алматыда «Women in Business» атты кәсіпкер әйелдердің басқосуы өтті

Республика бойынша 1 млн 200 мың кәсіпкердің 536 мыңы – әйел

Алматыда «Women in Business» атты кәсіпкер әйелдердің басқосуы өтті inbusiness.kz

Алматыдағы бизнестің 45 пайызын әйелдер басқарып отыр. Бұл ақпарат бүгін болған «Women in Business» форумында айтылды. Кәсіпкер әйелдердің басын қосқан мұндай шара биыл екінші рет өткізіліп отыр. Оны ұйымдастыруға Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған. Форумның ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, баршаға сәттілік тіледі, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

«Women in Business» форумы құрамында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған экономика саласындағы 300-ден астам кәсіпкер-әйелдер, тәжірбиелі сарапшылар бар. Басқосудағы мақсат –әйелдер кәсіпкерлігі және әлеуметтік мәселелерге арналған диалог алаңын құру. Бүгінгі шарада олар кәсіпкерлікте кездесетін мәселелерді шешу жолындағы тәсілдерімен бөлісті. Шараға шаһар басшысы арнайы қатысып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту саласындағы жобалар жайында айтып берді.

«Мемлекет өз кәсібін бастаймын деген аналарға қашанда көмек беріп келеді. Біз оларға қайтарымсыз грант беріп, қажетті құралдарды сатып әперіп, бизнесін алға жалжытуға қолдау білдіріп жүрміз. Былтыр осындай 1000-нан астам анаға көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да  мұндай аналарға қолдау білдіруге шақырамын», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Республика бойынша 1 млн 200 мың кәсіпкердің 536 мыңы әйелдер. Ал, тек Алматының өзінде 174 мың 500 шағын және орта кәсіпкерлік субьектісінің 78 мыңына әйелдер жетекшілік етеді. Олар өз жобаларын ұсыну арқылы креативтік өнімдер дүниеге келеді. Бұл өз кезегінде Алматының экономикалық тұрғыда дамуына ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар.

«Өткен жылы «Атамекеннің» ұйымдастыруы бойынша бизнес-оқыту бағдарламалары жүзеге асқан еді. Атап айтар болсақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 51 пайыз, Бастау бойынша 55 пайыз әйелдер оқыды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары», – деді «Атамекен» ҰҚП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат РАМАЗАНОВА.

Сондай-ақ, форум алаңында бизнес тиімділігін арттыру, салық заңнамасындағы басты өзгерістер жөніндегі тақырыптарға арналған шеберлік сабақтар мен практикумдар өтті. Биыл екінші рет өткізіліп отырған мұндай шараны ұйымдастыру дәстүрге айналмақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир