Алматы әуежайының маңында заңсыз жер телімдерін таратқан шенеунік ұсталды

tourister.ru
tourister.ru
Оның үстіне қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы бойынша іс қозғалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары өзінің қызметін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы облысының жемқорлыққа қарсы қызметі шенеуніктің заңсыз әрекеттерін тексеруді бастап кетіпті.

"Ол 2017 жылы Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы бола тұра, 16 жер теліміне үй салу туралы құжаттарға қол қойған. Десек те заң бойынша бұл жерлерге баспана тұрғызуға болмайтын еді. Бұл жерлер әуежай маңындағы Панфилов аудандық округінде орналасқан", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазір Рыспеков уақытша ұстау абақтысында қамауда екен. Оның үсітіне қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Новости партнеров