Қызылордадағы апат: 4 сарбаздың денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Қазіргі таңда 9 әскери қызметшінің денесі туған жеріне жерленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов апаттан көз жұмған 4 әскери қызметшінің денесі медициналық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Авиация генерал-майоры апаттан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты.

«Әуе апатынан 13 жігітіміз қаза тапты. Олардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас ауыр қайғы», - деді Дәурен Қосанов.

Кейін ол тікұшақ апатының мән-жайына тоқталды.


«27 наурызда Астана уақытымен ағат 18:30-де Қазақстан қарулы күштеріне тиесілі 4 тікұшақ Ақтаудан Шымкент қаласына ұшып келе жатқан. Жалаңаш ауылының жанында бір тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 3 ұшқыш, 10 сарбасымыз қаза тапты. Қираған ұшақтың ішінде майор, екінші санаттағы ұшқыш Роман Казтулов болды», - деді авиация генерал-майоры.


Сонымен қатар Дәурен Қосанов апат болған күні арнайы комиссия құрылып, Қызылорда қаласына ұшып шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 4 сарбаздың денесіне медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.


«Қазіргі таңда 9 әскери қызметшінің денесі туған жеріне жерленді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 4 әскери қызметшінің денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр. Кейін олардың денесі туған жеріне жіберіледі», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Қосанов.


Новости партнеров