Алматыдағы тұрғын үй нарығы: баға қандай болмақ

әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата
әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіби риэлторлардың қатысуымен брифинг өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы тұрғын үй нарығы: баға қандай болатынын риелторлар қауымдастығында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіби риэлторлардың қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан риелторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко «сұр» риелторлар немесе ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі мамандарды нағыз риелторлардан қалай ажыратуға болатынын және тұрғын үй сатып алу туралы айтып берді.

«Қазір жылжымайтын мүлік нарығының 80% ипотекалық несие тарту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан барлығына «Отбасы банкіндегі» жинақтау жүйесіне назар аударуды кеңес беремін. Пәтерлер қымбат десек те, қазіргі құлдырап жатқан нарықта оларды сатып алу мүмкіндігі көп. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Біз бағаның төмендеуін көріп отырмыз», - деді Н. Лукьяненко.

Сарапшы қаражаты бар және пәтер сатып алғысы келетіндерге дәл қазір нарықты бақылап отыруды ұсынады. Сонымен қатар жаңа ғимараттарға қатысты ұсыныстар берді.

«Қазір құрылыс салушылар келісімшарттарға қатысты бәрі дұрыс деуде. Бірақ олай емес. Бағаның нақты төмендеуін байқаған кезде жарнамалық ұсыныстардың саны мен көлемін байқаймыз. Бірнеше құрылыс салушылар шілденің басында акциялар жариялап, түнгі жеңілдіктер жасады. Мұны баға төмендеуі деп айтпасақ, енді қалай атаймыз», - дейді риэлтор.

Бүгінгі таңда көптеген құрылыс салушы банктермен бірлесе отырып, бастапқы жарнаны 10 пайыз етіп, жеке бағдарламалар жасауда.

Көптеген құрылыс компаниясы бөліп төлеуді ұсынады. Егер бұрын бөліп төлеу құрылыс аяқталғанға дейін ұсынылса, қазір 40 айға дейін беріледі.

Сонымен қатар Нина Лукьяненко бүгінде халықтың барлық санаттары үшін қолжетімді ипотека көп екенін айтты. Тек осы тақырыпты жақсылап зерттеу керек.

«Қазір тұрғын үй нарығында сұраныстың көптігінен бағаның кері кетуі байқалады. Тұрғын үй нарығын не күтетінін ұзақмерзімді перспективамен қарайтын болсақ, табиғи өсім, көші-қон өсімі, инфляция өсуде, сондықтан менің болжамым бойынша алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі», - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.

Оқи отырыңыз: Мың тамшы: Алматыда тарихи субұрқақ қалпына келтірілді

Новости партнеров