Алматылықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еcке алды
Almaty.tv
Алматының Наурызбай ауданында басқосу өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бүгін Алматының Наурызбай ауданында басқосу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тарихтан тағылым шертіп, азапты жылдардың ауырлығын айтқан аудан ардагерлері «кейінгі буын сол қасіреттің мәнін ұғынса» дейді. Үнсіздік минутымен басталған іс-шараға аудандық әкімдік өкілдері мен мәслихат депутаттары, желтоқсаншылар мен репрессия құрбандарының ұрпағы қатысты.
– Ол кісіні 1938 жылы қамап, атып жіберген. Содан кейін әкеміз, қаншама ағайындары түрмеге кетті. Үлкен апамыз Күләнда Мұңайтбасқызы 11 жыл АЛЖИР-де болды. Менің әкем Сейдолла Ходжанов сол фамилиясы үшін 16 жыл түрмеге отырып келді, – дейді С. Қожановтың ұрпағы Әріп Қабыланов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39