Елге еткен еңбектеріңіз жана берсін
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов ҚР Полициясы күніне арнайы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан Республикасы Полициясы күнімен құттықтаймын. Жұмыстарыңыздың бәрі ‒ ел үшін, халық үшін. Елге еткен еңбектеріңіз жана берсін. Сіздерге батырлық, ерлік, жақсылық, қуаныш тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын», ‒ деді Асанәлі Әшімов.
Құттықтаудың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.