Олжас Бектенов тиісті нормативтердің барын айтып, аталған орталықтың ешбір актіге қол қоймауын талап етті
Жергілікті әкімдіктер жол сапасына жасалған экспертизаға салғырт қарайды. Олар сапа орталығы теріс қорытынды берсе де, бөтен зертханалардың оң нәтижесімен жергілікті маңызды жолдарды пайдалануға береді екен. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы басшысы Болатбек Айтбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыны естіген Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті нормативтердің барын айтып, аталған орталықтың ешбір актіге қол қоймауын талап етті. Үкімет басшысы тіпті, Болатбек Айтбаевқа мінезді болу керек деп ескерту жасады. Себебі, тасжолға қатысты тұрғындардан жиі шағым түседі екен. Оның үстіне миллиардтап кеткен ақшаның сұрауы бар деді Бектенов.
«Жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Ал әкімдіктер қайда? Неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр? Бірінші кезекте тұрғындардың шағымына дер кезінде назар аудару керек», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты