Түрмедегі «Қазақ аруы»: ең сұлу әйел анықталды (ФОТО)

19.04.2019 20:17

Түрмедегі «Қазақ аруы» байқауы үш кезеңнен тұрды

Атырау облысындағы әйелдер колониясында «Қазақ аруы 2019» байқауы  өтті. Қазылар алқасы үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетін бағалады, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды.

«Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады», - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен «Шапағат» қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы берілді.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде сотталған әйелдер арасында «Қазақ аруы -2019» сайысы өтті. Имани тәрбиенің негізі болып табылатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін және мәдениетін жастар арасында дәріптеу, жазасын өтеуші қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі әйелдер колониясында сұлулық сайысы өткізілді. Сайыс үш бөлімнен тұрды, әрбір бөлімге үлкен дайындықпен келген қыздар шығармашылығын көрсетіп, өнерден құралақан емес екендерін көрсетті. Ұлттық нақыштағы түрлі-түсті киімдер сахнаның сәнін келтіріп, әдемі әуен мен мың бұралған билер көрермендерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараның нәтижесі бойынша «Қазақ аруы-2019» тәжі сайыстың бас жүлде иегері атанған алаяқтық бабы бойынша жазасын өтеп жатқан С.Елеуоваға бұйырды. Барлық қатысушыларға «Шапағат» қоғамдық қорының дипломы мен құнды сыйлықтары табысталды, ал басты жүлдегер тігін машинасын алды. Аталған сұлулық сайысының басты демеушісі «Шапағат» қоғамдық қоры болғанын ерекше атап өту қажет. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде сотталған әйелдер арасында «Қазақ аруы -2019» сайысы өтті. Имани тәрбиенің негізі болып табылатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін және мәдениетін жастар арасында дәріптеу, жазасын өтеуші қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі әйелдер колониясында сұлулық сайысы өткізілді. Сайыс үш бөлімнен тұрды, әрбір бөлімге үлкен дайындықпен келген қыздар шығармашылығын көрсетіп, өнерден құралақан емес екендерін көрсетті. Ұлттық нақыштағы түрлі-түсті киімдер сахнаның сәнін келтіріп, әдемі әуен мен мың бұралған билер көрермендерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараның нәтижесі бойынша «Қазақ аруы-2019» тәжі сайыстың бас жүлде иегері атанған алаяқтық бабы бойынша жазасын өтеп жатқан С.Елеуоваға бұйырды. Барлық қатысушыларға «Шапағат» қоғамдық қорының дипломы мен құнды сыйлықтары табысталды, ал басты жүлдегер тігін машинасын алды. Аталған сұлулық сайысының басты демеушісі «Шапағат» қоғамдық қоры болғанын ерекше атап өту қажет. ⬇️⬇️⬇️ #куис #тюрьмыказахстана #тюрьмыкз #prison #prisonskazakhstan #мвдрк

Публикация от ҚР ІІМ ҚАЖК/ КУИС МВД РК (@kuis_mvd_rk)18 Апр 2019 в 2:56 PDT