Өскеменде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала қайтыс болды (ВИДЕО)

19.04.2019 21:22

Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы арпалысқан, алайда оның жарақаты тым ауыр болған

Өскеменде Гагарин көшесінде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы арпалысқан, алайда оның жарақаты тым ауыр болған.

«Бала ауруханаға түскен кезде ауыр халде болды. Оның көптеген жері сынған, сондай-ақ басынан жарақат алған. Осы уақытқа дейін ол комада болды. Ана мен бала орталығының дәрігерлері бірнеше рет елордадағы нейрохирургия орталығының мамандарымен кеңесті. Шынымен де дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, 14 сәуірде Гагарин көшесінде жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған жолда 36 жастағы әйел мен баласын қағып кеткен болатын.