|
02.03.2021 | 15:18
1102

«Шаңырақ» қызмет көрсету орталығында «Мейірімді көктем» қайырымдылық концерті өтті

«Рухани жаңғыру» жобасының қызметкерлері өткізді

«Шаңырақ» қызмет көрсету орталығында «Мейірімді көктем» қайырымдылық концерті өтті

«Шаңырақ» қызмет көрсету орталығында «Мейірімді көктем» қайырымдылық концерті өтті. Аға буынға алғыс айтып, қарияларымызды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараны «Рухани жаңғыру» жобасының қызметкерлері өткізді. Жастармен бірге ән айтып, би билеген қарттардың көңілі көтеріліп, бір серпіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін бір ерекше күн болып тұр. Мың да бір рақмет сіздерге. Әсіресе, мына «Рухани жаңғыру» деген кеңсеге рақмет. Жастарды жинап, бізге келіп көңілімізді көтергендеріне мың да бір рақмет. Біз де алғысымызды айтқымыз келіп тұр. Сондай бір керемет», – деді ардагер Айымторы Каспиқызы.

«Ардагерлеріміздің атынан осындай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өте көңілді екенін айтқым келеді. Бәрі көңілді. Дәстүрлі әншілер мен заманауи әншілер келіп жатыр. Бізге жиі-жиі келіп тұрсаңыздар әрқашанда қарсы ауға дайынбыз», – деді «Шаңырақ» қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жексенбай Шібікеев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир