Алматыда Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған жиын өтті
Almaty.tv
Конференция барысында ел бағына туған қаһарман ұлдың өмірін баяндайтын кітаптың тұсауы кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл Кеңес одағының батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Алматыда өзі қызмет еткен Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қабырғасында жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада даңқты ұшқыштың жары мен артынан ерген ізбасарлары бой көрсетіп, арнайы сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференция барысында ел бағына туған қаһарман ұлдың өмірін баяндайтын кітаптың тұсауы кесілді.
«Қазақ халқынан небір керемет батырлар шыққан. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде оқ бойы озып ұлттың рухын әлемге асқақтатты. Екі рет Кеңес одағының батыры атағын алған Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған шараны өткізіп жатырмыз», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Сыдықов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43