Кене шаққан 6 адам дәрігер бақылауына алынды

28.08.2023 20:19

Шығыс Қазақстан облысында 6 адам кене энцефалитіне шалдықты

Ашық дерек көзінен

ШҚО кене энцефалитіне шалдыққан алты адам да ауруханаға жеткізілген. Олар дәрігерлердің бақылауына алынып, ем қабылдауда деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл өңірде 3033 адамды кене шағу фактісі тіркелген. Олардың көбі медициналық көмекке жүгінбей, үй жағдайында емделген.

Осы жолы ауруға шалдыққан 6 адамның тек біреуі ғана бірден дәрігерге қаралған. Ал 5 науқас ауру белгілері біліне бастағанда ғана емханаға барған.

Санитар-дәрігерлердің ескертпесі бойыншы кене шаққан жағдайда бірден медициналық мекемеге қаралу қажет.

Оқи отырыңыз:Елімізде электр самокатымен жүру ережесі қандай