Электр көлігімен велосипед жолымен, жол жүру бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен және тротуармен жүруге болады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен жүреді. Олар болмаған кезде заңмен енгізілетін шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жол жүру бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне жол беріледі», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, электр самокаттың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, ол бекітілген дулыға және шағылыстыратын киім киюі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
Жол қозғалысы саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес, мопед, электросамокат, велосипед жүргізушілеріне:
Өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен қозғалады. Олар болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйым салуды ескере отырып, электр самокатқа жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі.
Ережелердің бірін бұзған жағдайда жүргізушілер 2 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ( ҚР ӘҚбК-нің 593 бабы - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау), (ҚР ӘҚбК-нің 620 бабы - жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін).
Аталған бапқа сәйкес, құқық бұзушыларға 5 АЕК немесе 17 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз: Тәжікстанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 13 адам қаза тапты