Ақтауда екі бойжеткен көлікті өртеп жібермеші болған (видео)
Олар көлік дөңгелегін тесіп, өртеп жібермек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түсініксіз жағдай Ақтаудағы №21 шағынауданда қарашаның 25-інен 26-сына қараған түні болған. Қыздар түнгі 03:00-де тұрақта тұрған Mercedes-Benz көлігіне сұйықтық құйған. Алайда қыздар көлікті өртей алмады. Нәзікжандылардың бұған көңілі толмаса керек. Олар көліктің дөңгелегін тесуге кірісті.
Көлік иесі бөтелкеде алкогольдік ішімдік болды деген болжам жасап отыр. Жігіт полицияға хабарласқан жоқ. Алайда видеоны желіге жүктеді, деп хабарлайды Sputnik.
"Бір дөңгелегімді тесті, екіншісін кескілеп тастады. Бамперлерді сызып кеткен. Полицияға бармаймын деп шештім. Қыздар өздерін интернетте көрсін деймін. Бұл - ең дұрыс жаза", - дейді көлік иесі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32