Zhasproject жастар корпусы аясында 3 жылда 2500 әлеуметтік жоба жүзеге асқан

Zhasproject жастар корпусы аясында 3 жылда 2500 әлеуметтік жоба жүзеге асқан
Жоба іске қосылғалы 9000-нан астам адам 1 миллион теңгеден грант алып, кәсібін ашқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоба бойынша сондай-ақ 500-ден астам сүт және ет өндірісі іске қосылып, 300-ге жуық үйірме, 200-ден астам спорттық секция мен фитнес-клуб, 200 тігін шеберханасы мен 175 наубайхана ашылыпты. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен жастар форумында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Анықталғаны, жоба іске қосылғалы еліміздің бүкіл өңірлерінен 9 мыңнан астам адам 1 миллион теңгеден грант алып, өз кәсібін ашу мүмкіндігіне ие болды.

«Ай сайын өзіміз тігетін көрпешелерді жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратамыз. Мысалы ай сайын 4-8 отбасына барып, екі метрлік 3 көрпеден таратып отырамыз. Негізінен қыз жасауына арналған көрпе-көпшіктер жасаймыз. Сосын петроглифтерді пайдаланып этностильде көпшіктер жасаймыз», – деді кәсіпкер Ақнұр ТАЙЫРОВА.

Новости партнеров