Жамбыл облысында 7 адам көз жұмды
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолында болған. Cadillac Escalade маркалы көлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан автомобильден озбақ болып, қарсы бағытқа шығады. Сол сәтте қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен жанасыпты. Жүк көлігі оны өз бағытына ысырғанда, жеңіл көлік «Газельмен» соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те бірден барлық жолаушысымен бірге өртеніп кетті.
– Оқиға орнында 37 жастағы «Газель» автокөлігінің және 30 жастағы Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жастағы бала бар. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.
Оқи отырыңыз: Жамбылда әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген жасөспірім апатқа ұшырады