АЭС: Кез келген прогресс әлеуметтік жағдайды жақсартуға негізделген - Анипа Тапалова

17.09.2024 20:33

Ғалымдардың айтуынша, АЭС салу – уақыт талабы

Almaty.tv

Елімізде электр энергиясына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы жылдары қуат көзінің тапшылығы мен тұрақсыздығы айқын сезіле бастаған. Оның үстіне баға да қымбат. Ғалымдардың айтуынша, АЭС салу – уақыт талабы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыр өңіріндегі дәрігерлермен жүздескен профессор-зерттеушілер бейбіт атом энергиясын пайдалану жаһандану үдерісіндегі ең өзекті мәселенің бірі екенін айтты. Кездесуде медицина саласының өкілдері елді ең бірінші қауіпсіздік мәселесі алаңдататынын алға тартты. Ғалымдар атомдық энергетика саласының артықшылығы мен оған қажетті маман даярлау жайына да тоқталды.

– Елімізде көмір, газ көп. Соларды да дамытуға болады. Бірақ көмір мен газды жаққан кезде көмірқышқыл газы пайда болады. Көмірқышқыл газынан улы заттар шығады,  атмосферада озон тесіктері пайда болады да сол арқылы бізге неше түрлі ультрафиолет сәулелер келіп адамзат ауруға ұшырайды. Жер бетінде неше түрлі катаклизмдер болып жатқанын көріп жүрміз. АЭС-тен қорықпау керек. Кез келген прогресс еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмыс істейді. Қауіпсіздік шаралары сақталған, – деді техника ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалова.

Оқи отырыңыз: АЭС: болашақта уранның мүмкіндігін пайдалану қажет - Тимур Нұртаев