|
11.09.2019 | 15:22
3293

ALMAQUEST: Алматы тарихына терең бойлай аласыз

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары мен тарихи фактілерді білу қажет

ALMAQUEST: Алматы тарихына терең бойлай аласыз voxpopuli.kz

15 қыркүйек – Қала күнін мерекелеу аясында түрлі тылсым жұмбақтар мен құпияларға толы аудандар мен көшелерде кең көлемде қалалық ALMAQUEST квест өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ALMAQUEST – екі кезеңнен тұратын мәдени шараға ниет білдіргендердің барлығының қатысуға мүмкіндіктері бар.

www.almaquest.kz сайтында тіркелу және финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өту (міндетті емес).

Қаланың көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге болатын квест.

Alma Quest – бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі бар таңғажайып және көңілді командалық СПОРТ ойыны. Ойынның мәні – қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры мен сыйлықтар туралы www.almaquest.kz сайтынан толық ақпарат алуға болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир