Жиында партия мүшелері Жолдауда қозғалған мәселелерді талқылады
Бүгін аманаттықтар бас қосып, Президенттің жолдауын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда өткен жиында партия мүшелері Мемлекет басшысы айтқан бастамаларды іске асырудың жолын ұсынды. Жолдауда қозғалған мәселелерді қамтып, маңызына кеңінен тоқталып өтті.
– Жаңадан құрылған Көлік министрлігі туралы сөз қозғадық. Қазір әлемде тауарды тұтынушыға жеткізу жағынан қиындық бар. Қазақстан, соның ішінде Алматы қаласы транспорттық хабқа айналуға мүмкіндігі бар. Фракцияның атынан қазір жаңадан құрылған Көлік министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне осы ұсынысты жолдаймыз. Әрі қарай қадағалайтын боламыз, – деді AMANAT партиясының мүшесі Нұрымбек Тау.
Оқи отырыңыздар: Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылды