Ақтөбе облысында "Алтын адам" табылды

26.10.2019 20:24

Бұл V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны

Sputnik

Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

"Темір ауданынан сүйінші хабар жетті! Өздеріңізге белгілі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында және Елбасымыздың тапсырмасына орай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеуді қолға алған болатынбыз. Қазба жұмыстарына тиісті шаралар алынып, қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгін археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды", - деп Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин сүйінші сұрады.

Оның айтуынша, кезекті "Алтын киімді көне ескерткіш" - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық.

"Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, дүниежүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін", - деп түйіндеді Оңдасын Оразалин.

BAQ.KZ.


View this post on Instagram

Қадірлі жерлестер! Темір ауданынан сүйінші хабар жетті! Өздеріңізге белгілі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Елбасымыздың тапсырмасына орай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеуді қолға алған болатынбыз. Қазба жұмыстарына тиісті шаралар алынып, қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгін, археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Кезекті «Алтын киімді көне ескерткіш» - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық. Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, Дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Дорогие земляки! Из Темирского района пришла радостная весть! Как известно, в рамках программы «Рухани жаңғыру» и в соответствии с поручением Елбасы ведётся работа по изучению памятников истории и культуры. В регионе приняты меры по увеличению финансирования на проведение археологических раскопок. Сегодня от археологов пришла хорошая новость: в районе населенного пункта Таскопа Темирского района в V веке до н. э. обнаружен курган сарматского вождя, похороненного в золотой одежде. Древние памятники обнаруженные в Есике, на Востоке и Атырау нашли продолжение в Актюбинской области. Это свидетельствует о том, что предки, населявшие в то время казахскую землю, жили на высоком уровне цивилизации. Я считаю, что это лишь часть археологических ценностей, найденных в нашем регионе. Я уверен, что такие исторические экспонаты ещё больше повысят престиж Казахстана в мире. Аким Актюбинской области Ондасын Уразалин

A post shared by Ақтөбе облысының әкімдігі (@aqtobe_oblysynyn_akimdigi) onOct 25, 2019 at 11:24am PDT