26 адам ұсталды
Бүгін елорда мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге тырысқандар болды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.