Алматы әуежайындағы халықаралық терминал қашан қолданысқа беріледі

 Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір нысанның құрылысы 53 пайызға аяқталып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әуежайындағы жаңа халықаралық терминал келесі жылы жазда қолданысқа беріледі. Қазір нысанның құрылысы 53 пайызға аяқталып қалған. Шаруа толық біткен соң, аэропорттың оңтүстік қанатындағы аумақ автотұрақ болады. Бұл туралы әуежай президенті Алп Ер Тунга Ерсой баспасөз отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Негізінен әуе айлағы 3 миллионға жуық жолаушыға есептелген. Алайда кеңейту жұмыстарынан кейін 8 миллионға жуық адамның қатынауына мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ қазір әуежай кіреберісіндегі пандустарды жөндеу жұмысы шілдеде бітеді.

«Жаңа халықаралық терминалдың 53 пайызы дайын, құрылысы аяқталған. Біздің жоспар бойынша 2024 жылдың жазына дейін барлық жұмыс бітеді. Бірақ егер қолымыздан келсе, осы жылдың мамыр, маусым айында аяқтағымыз келеді», – деді Алматы халықаралық әуежайының президенті алп ер Тунга Ерсой.

Новости партнеров