|
15.11.2023 | 15:25
1793

Алматыда заңсыз ойын бизнесінің жолы қалай кесілді

Алматының Экономикалық тергеу департаменті қоғамдық ұйымдарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады

Алматыда заңсыз ойын бизнесінің жолы қалай кесілді elements.envato.com

ӨКҚ алаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. Спикерлер мәліметі бойынша жыл басынан бері ойын бизнесі саласында сотқа дейінгі 12 өндірістік іс  тіркелген. Үш ойын залы мен бір букмекерлік кеңсе және төрт жасырын казиноның қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар 94 компьютерлік техника заңсыз айналымнан алынды, сот үкімі бойынша 500 астам ойын терминалы жойылды. Сонымен қатар 2023 жылы «ТикТок» әлеуметтік желісінде заңсыз құмар ойындар ұйымдастырғандар қызметі тоқтатылды.  

Мемлекеттік орган ойынға тәуелділіктің құрбанына көбіне жастар екенін айтты. 

- Адамдар «оңай»  ақшаны жылдам ұтып аламын деген үмітпен казино мен автоматтарға тапқан табысын салып жібереді. Жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей жасырын казинолар мен ойын мекемелеріне негізгі келушілер жастар болып отыр.  Заңсыз ойын бизнесі мемлекеттік бюджетке ешқандай пайдасы жоқ. Сонымен қатар қала тұрғындарының да қалтасын қағады. Халықтың құмар ойындардан бас тартуы қаскүнемдерді заңсыз табыстарынан айырады, - деді  Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы Сәкен Қондыбаев.

Жедел-тергеу іс-шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың екі фактісі анықталды. Ставкаларды қабылдау, банктік аударымдар арқылы ұтысты есептеу және беру функциясын қолдайтын онлайн құмар ойын. Ұйымдастырушылар 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, қаланың екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесі саласындағы осындай құқық бұзушылықтар үшін 1,6 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

 - Бүгінгі таңда казино мен ойын автоматты залдары тек Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында орналасуы тиіс. Осылайша, аталған аумақтардан тыс жұмыс істейтін барлық ойын мекемелері өз қызметін заңсыз жүзеге асырады, - деп ескертті ол.


Мемлекеттік орган өкілі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жұртшылықпен бірлескен күш-жігермен, оның ішінде профилактикалық іс-шара жүргізу арқылы көрсетілуі қажет екенін атап өтті.


Осылайша Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінде кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдардың, блогерлер мен БАҚ өкілдерін заңсыз ойын бизнесімен күреске қосылуға шақырады.

Оқи отырыңыз:  Қаржы пирамидасы: Алматыда алаяқтардың сайты бұғатталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир