Судың өз ережесі бар: құтқарушылар қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Ата-аналар бүлдіршіндерін қараусыз қалдырмауы тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Маусым басталғалы суға батып мерт болғандардың ішінде 30-ы - бала. Құтқарушылар биыл ажалы судан келген балалардың саны былтырғыдан көп деп дабыл қағуда. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, өзен-көлдерге батқан бүлдіршіндердің дені қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылғандар. Дегенмен құтқарушылар судағы қауіпсіздіктің алдын алу шараларының нәтижесінде статистиканы төмендеттік дейді.

- Атқарылған кешенді шаралардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Дей тұрғанмен, әр статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адам суға кетті. Оның ішінде 701-і - бала, - дейді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады. Мамандардың айтуынша, оның ішінде шомылуға тыйым салынған 4 мың 598 орын анықталды. Ол жерлерге ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды.

- Бұл жерде назар аударатын басты нәрсе: әрбір азамат жол жүру ережесін қалай сақтаса, судағы жүріп тұру қағидаларын да қатаң сақтауы тиіс. Біз қанша ескерту жасап, дәріс өткізу жұмыстарын жүргізгенімен, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымен, жауапкершілік әрбір адамның өзіне жүктеледі. Ең бірінші судан келетін қауіпке араша болушы – ол адамның өзі екенін ұмытпаған жөн, - дейді ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Оқи отырыңыз: 6 бала суға батты: мас жүргізуші көлікті басқара алмай қалған

Новости партнеров