Жамбыл облысында трансформатор өртеніп, үйлер жарықсыз қалды

ТЖД баспасөз қызметі
ТЖД баспасөз қызметі
Өртті жоюға барлығы 28 өрт қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылында КС-5 қосалқы трансформатор станциясының шатыры өртенді. Өрттің жалпы аумағы – 240 шаршы метр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өрт салдарынан ауылдағы 180 абонент, оның ішінде біреуі әлеуметтік нысан электр жарығынсыз қалды. Сағат 10:45-те тұтанған өрт сағат 11:43-те ауыздықталып, 12:45-те электр энергиясы қайта берілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті жоюға барлығы 28 өрт қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан релизде.

Бұған дейін Жамбыл облысының Жаңатас қаласында көшелерді су басқанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды

Новости партнеров