|
06.12.2019 | 15:26
3749

Бос тұрған нысандар балабақша мен мектепке айналуы мүмкін

Форум шеңберінде инвесторларға әлеуметтік нысан құруға жарайтын 30 учаскі мен нысан көрсетілді

Бос тұрған нысандар балабақша мен мектепке айналуы мүмкін auezov.almaty.kz

Қаңырап, бос тұрған нысандарды бала-бақша мен мектепке айналдыру мәселесі бүгін Әуезов ауданында өткен инвестициялық форумда көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қаласында жыл сайын он шақты мектепке дейінгі мекеме бой көтереді екен. Бірақ бұл кезекте тұрғандарды қамтуға жетпей жатыр. Бұған себеп – ішкі миграция және жаңа туған сәбилер санының көптігі. Форум шеңберінде инвесторларға әлеуметтік нысан құруға жарайтын 30 учаскі мен нысан көрсетілді.  

«Біз дайын құрылыс нысандарын бала-бақша, дамыту орталықтарына, медицина мекемелеріне айналдыруды қарастырып жатырмыз. Инвесторларды тартып, оларды да тұрғын үй кешендерінің, әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсамақ ниеттеміз», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Мәдина КӘРІМОВА.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир