Полицейлер жер үсті өткелін күндіз-түні бақылауда ұстамайды
Бұған дейінгі көтергіш механизм көпір салынғалы бері қараусыз қалып, істен шыққан болатын. Олқылықтың орнын биыл жергілікті әкімдік толтырып, жедел сатыны жөндеп, іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазіргі таңда, электр кабельдері толық ауыстырылған. Мамандар нысанға бейнебақылау камерасын да орнатып үлгерген. Енді полицейлер жер үсті өткелін күндіз-түні бақылауда ұстамақ. Ал көтергіш механизмді қолдану үшін 100 кілт беріледі. Оны мүмкіндігі шектеулі жандар аудан әкімдігінен келіп ала алады.
«Бұл кілттерді біз мүгедек адамдарға және де жас балалары бар аналарға беруді ойластырып жатырмыз. Және де Әуезов әкімдігінің әлеуметтік сала бөліміне хабарласуға болады. Көтергіш механизмдердің есіктерінде телефон нөмірлері көрсетілген хабарландыру орналастырылған», – деп хабарлайды Алматы қаласы Әуезов аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Айдос МАҚСҰТ.