Блогерлер де салық төлеуі мүмкін

16.05.2023 20:27

Бұл туралы депутат Айдос Сарым мәлім етті

dzen.ru

Блогерлер де салық төлеуі мүмкін. Мәжіліс онлайн-платформалардың жұмысына қатысты заң жобасын қолға алды. Бұл туралы депутат Айдос Сарым мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы күндері әр блогердің салық инспекторлары бақылай алатын шоты ашылып, соған байланысты салық төлеуі мүмкін. Мәжіліс депутаты кейбір азаматтың жұрттан қайырымдылық үшін жинаған қаражатының есебінен қара халықтың бейхабар екенін айтты. Сондықтан қоғамдық тыңдау өткізіліп, жұмыс тобы құрылуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі шындыққа жанаспайтын ақпараттар да бақылауға алынып, жалған мәлімет таратқандарға айыппұл қарастырылады.