Арасында "Дикий Арман" да бар
Қантардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Дикий Арманның» тобы, «Қазақстандықтар» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде ең белсенділері болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесін қамауға алдық», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар ол ұсталғандар арасында қылмыс әлемінің 4 авторитеті бар екенін айтып өтті.
«Оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар. Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап, жауапқа тарту үшін қажет болған барлық шара қабылданып жатыр. Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті болып танылып, оның 269-ы қамауға алынды», - деді Қилымжанов.