Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті
ТЖД қызметкерлері суға шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жарақталмаған орындарда суға шомылуға болмайтындығын ескертеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Біржан сал ауданында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 2 маусым күні сағат 19:16 шамасында Қаратал ауылынан екі шақырым жердегі жасанды қазаншұңқырында  (көлемі 10х15 метр жол жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған) болған.

«2005 жылғы баланың денесін ауыл тұрғындары алып шықты. Куәгерлердің сөзінше, бала рұқсат етілмеген орында суға шомылу кезінде батып кеткен. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, Біржан сал аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері суға шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жарақталмаған орындарда суға шомылуға болмайтындығын ескертеді. Ата-аналарға балаларды жалғыз көлге шомылуға жібермеуді ұсынады.


Новости партнеров