Бұл туралы баспасөз мәслихатында Үкімет басшысы айтты
Еуропалық 6 ірі компания өздерінің өндірісін Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сенаттың отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Премьер-Министрдің айтуынша, Ресей нарығынан кеткен 300-ден астам еуропалық компаниямен Қазақстан жағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда, 50-ден астам компания өз өндірісінің орнын ауыстыруға қызығушылық танытқан.
«Алты компания шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшіріп жатыр. Қалған компаниялар жергілікті атқарушы органдармен, министрлікпен, бизнеспен келіссөздер жүргізіп жатыр, яғни осындағы мүмкіндіктерді зерттеуге кірісті», - деді Ә. Смайылов.
Дереккөз: ҚазАқпарат