Қасымхан Бегманов қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды

10.11.2022 20:38

Ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов алдағы өтетін сайлауға қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды.

«20 қараша күні өтетін сайлауға барша қазақстандықты дауыс беруге шақырамын. Мен жанұяммен бірге барып дауыс беремін.  Дауыс беру  Қазақстан Республикасы азаматының парызы. Жаңа Қазақстан құру үшін, дәулетті болу үшін ел Президентін сайлау керек. Оған бір кісідей атсалысу керек», – деді ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.

Теги: сайлау