|
28.08.2023 | 15:28
734

Конституция – еліміздің негізгі заңы: Алматыда ғалымдар бас қосты

Іс-шараны Алматы кітапханалары ұйымдастырды

Конституция – еліміздің негізгі заңы: Алматыда ғалымдар бас қосты

«Конституция – еліміздің негізгі заңы». Алматыда осындай атаумен мереке қарсаңында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикамыздың басты құндылығы болған Ата заңның маңызы мен құрылымы туралы айтылып, студенттерге ерекшелігін түсіндірілді. Жиынға тарихшы ғалымдар мен ұстаздар, әскери ардагерлер мен кітапханашылар қатысты. 

Айта кетейік, мереке қарсаңындағы іс-шараны Алматы кітапханалары ұйымдастырды.

– Төле би бабамыз «Заңын дұрыс орындаған халықтың бағы бір мысқал артық» дейді. Егер біз заңды жақсы біліп, оны дұрыс орындап жатсақ, өркениетті елдер арасында көш бастайтынымыз сөзсіз, – деді ҚР Қарулы күштерінің ардагері Мұхамеджан Әбдібеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир