Заңы үстем елдің заманы тыныш: қоғам қайраткерлері Конституция туралы

inform.kz
inform.kz
Бердалы Оспан «заң бұлжытпай орындап, күнделікті дағдыға айналдырып, өскелең ұрпаққа насихаттау керек» дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ата заңға – 28 жыл. Тәуелсіздіктің төлқұжаты болған Конституция 1995 жылы қабылданған. Егеменді елдің өз заңы айшықталды. Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабында-ақ мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам  мен оның өмірі, құқығы мен бостандығы екені жазылған. Қоғам белсенділері Конституцияның ел өмірінде атқаратын рөлі мен алар орны уақыт өткен сайын тұғырлана түскенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Ата заңға бүкіл халық дауыс берген. Халықтың сенімімен Конституция өмірге келді. Ел қайда жылжып барады? Алдында тұрған қандай мақсаты бар? Ол әрбір адамның құқығы сынды негізгі мемлекеттің жоспары Конституцияда жазылған, – деді ҚР Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаев.

Бердалы Оспан «заңды бұлжытпай орындап, күнделікті дағдыға айналдырып, өскелең ұрпаққа насихаттау керек» дейді. Оның айтуынша, заңы үстем елдің заманы қашан да тыныш болмақ.

– Ересектер Конституцияны қолданатынын күнде көрсетіп жүрсе, өзін дұрыс ұстаса, ешқандай заң бұзылмаса деймін. Қазақ «алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда жүреді» дейді. Жастар ақылды. Мен жастарға сенемін, – дейді мәдениеттанушы Бердалы Оспан.

Оқи отырыңыз: Конституция – еліміздің негізгі заңы: Алматыда ғалымдар бос қосты

Новости партнеров