Алматыда «Біз біргеміз» қоғамдық қоры 50 мың отбасыға азық-түлік себетін таратты

Almaty.tv
Almaty.tv
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси Кеңес және бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің жаңартылған құрамы бекітілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси Кеңес және бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің жаңартылған құрамы бекітілді. Партияның қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 27-ші есеп-беру сайлау конференциясында, сондай-ақ саяси ұйымның 2 жылда атқарған істері мен алдағы жылдарға қойған негізгі мақсаты айқандалды. Тақырыпты Almaty.tv тілшісі жалғастырады.

Соңғы 2 жылда партия жұмыстарының негізгі бағыттары саяси ұйым құрамының сапалық көрсеткішін жақсартуға негізделген еді. Бұл ретте партия мүшелері 18 мың адамға қысқарды. Одан бөлек, «Nur Otan» карантин кезінде қиын жағдайда қалған азаматтарға жедел көмек көрсетті. Оған «Алматы біз біргеміз», «Жаңа Алматы» қоғамдық қорларының және «Жас Отан» еріктілер тобының істеген жұмыстары дәлел дейді.

«Алматы «Біз біргеміз» қоғамдық қоры сол 3-4 айдың ішінде 3 кезеңменен 60 мыңнан астам қала тұрғындарына әрқайсысына 50 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетті. Оның тұсында Орталық «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан Алматы қаласының тұрғындарына арналған 2 млн маска жіберіліп, ол 50 мың отбасыға таратылды. Оның үстіне, көмекке мұқтаж адамдарға ыстық тамақ жеткізу мәселесі қолға алынды», – деді «Nur Оtan» партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Борис Жапаров.

Конференцияда есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындысын қарастырумен қатар, Саяси Кеңес мүшелері мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңартылған құрамы бекітілді. Олардың арасында танымал ғалымдар мен ғылым докторлары, мәдениет өкілдері бар.

«Өткен саяси кеңес мүшелері үлкен ауқымды жұмыс жасады. Қазір сол саяси кеңес мүшелерінің 17 тұлғасы қалды, жаңадан 28 адам қайта сайланды. Барлық саны 45. Сонымен қатар, Саяси кеңес мүшелері саяси кеңес бюросының мүшелерін сайлады. Сонымен қатар, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. Онда 5 адамның 3-еуі қалып, екеуі қайта сайланды», – деді «Nur Оtan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Мейіржан Отыншиев.

Саяси Кеңес мүшелері мен бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерін сайлау 150 делегатқа ұсынылып, оны бәрі бірауыздан қолдады. Өз сөзінде шаһар басшысы бүгінде партиялық бақылауды төменгі буындар арқылы күшейту мақсатында қоғаммен тікелей жұмыс істейтін бастауыш партия ұйымдарының аудандық филиалдары қызметінің жаңа сатыға көтерілгенін жеткізді.  

Сая Меңдеке, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров