Мемлекеттік кірістер комитеті банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты алғашқы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
«3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталған. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1 469 өтініш келіп түскен. Оның ішінде eGov арқылы 1 399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», – делінген хабарламада.
Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2 466 өтініш түскен.
Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.
Оқи отырыңыз: Банкроттық туралы заң: борышкерлердің қарызы қалай кешіріледі