«10 жыл бойы жинаған»: Әйел жаңа сатып алған көлігінің ақшасын 66 қап тиынмен төледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Цанчжоу қаласының тұрғыны жаңа көлік сатып алып, ақысын 66 қап тиынмен төледі.
Қытайлық әйел салоннан құны 190 000 юань (10 млн 400 мың теңге) болатын Volkswagen Passat көлігіне тапсырыс берді.
Сатып алушы көліктің ақшасына тиын толы 66 қап берді. Қап ішінде 13 мың тиын болған. Айтуынша, ақшаны банке салғаннан гөрі алып келген ыңғайлы болған. Ол 10 жыл бойы көлік сатып алу үшін тиынмен ақша жинаған екен.
Сатушылар жабылып тиынды санай бастады. Видеодан олардың жанында қаптар мен тиындар шашылып жатқанын көруге болады. Қызметкерлер тиынды банкке өткізбек. Дүкен иесінің айтуынша, 17 қызметкер тиынды үш күн бойы санаған.
Ақырында әйел көлік үшін 191 492 юань төлеп, қалғанын электронды банк арқылы берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10