Алматыда Герольд Бельгер оқулары өтті

Алматыда Герольд Бельгер оқулары өтті
Аталған шығармашылық байқау әдебиетшінің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері арасында танымал жазушы Герольд Бельгердің оқулары өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елімізде тұрып жатқан қандай ұлт пен ұлыс болмасын, барлығы да қаламгердің шығармашылығымен етене таныс. Сондықтан болса керек осы аталымда бағын сынаған әрбір жеткіншек шығармаларын шын жүректен оқып берді.

«Ғибратты ғұмыр. Ол жерде Хамза Есежановтың қысқаша өмірбаянын, бейнесін суреттейді. Ол өте шебер суреттелген. Маған өте ұнады. Жазушы өзінің қазақ әдебиетіне деген махаббатын жазған. Сол жері мені қатты еліктірді», – дейді 10-сынып оқушысы Жанел ҒАЛЫМЖАН.

«Герольд Бельгер – қазақша, орысша, неміс үш тілді жетік білген полиглот. Ол – прозаик. Аудармашы да болған. 7 жасынан бастап Қазақстанда тұрған ол қазақ әдебиеті мен әдет-ғұрпын зерттеген», – деді 9-сынып оқушысы Лашын СЕРІКҚЫЗЫ.

Қалалық жарыстың басты мақсаты – белгілі тұлғаны еске алу және оны  өскелең ұрпаққа таныстырып, еңбектерін насихаттау. Сонымен қатар шараға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Аталған шығармашылық байқау әдебиетшінің  85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.  

«Байқау 3 номинацияда өтеді. Біріншісі – Герольд Бельгердің көркем шығармалары, екінші номинация – жазушының аудармалары, үшінші номинация – эсселері. Әр жылдарда жазылған эсселері», – деді ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан кітаптары қызметінің жетекшісі Мадина ЖАРҚНАЛОВА.

Новости партнеров