Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумы өтті. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен т.б қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара алғаш рет мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен қазақша өтті.
Мәселен, шарада сөз алғандардың бірі - «Бөбек» қорының тәрбиешісі Юлиана Новикова. Екі баланың анасы қазақ тілінде таза сөйлейді.
Сондай-ақ Виктория Трегубовой да Ресейден келген. Өз бетінше тілді меңгерген ол бүгінде қазақшаға судай. Тараз университетінде білім алған.
Форумда жалпы орыс, дүнген, т.б секілді қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері болды. Барлығы ойларын таза қазақ тілінде жеткізіп, жиналған жұртты отаншылдыққа шақырды. Шара ҚР Тәуелсіздік мейрамына арналды.