|
10.12.2019 | 15:30
1775

Алматыда әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты сот отырысы өтті

Әнші бұрынғы күйеуі мен оған көмектескен досының да заң алдында жауап беруін талап етті

Алматыда әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты сот отырысы өтті Коллаж Tengrinews.kz

Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотында соққыға жығылған әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Бауыржан Ашығалиевке 126-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» және 115-бабы «кісі өлтіру қаупі» бойынша айып тағылуда.

Ксения Ашығалиеваның заңгері тағы екі күдіктіні - Бауыржан Ашығалиевтің досы мен ұрлауға қатысқан қызды жауапқа тартуды өтінді. Алайда сот оның өтінішін қабылдамады.

Сондай-ақ, әнші бұрынғы күйеуі мен оған көмектескен досының да заң алдында жауап беруін қалайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық әнші Ксения Ашығалива өзін күйеуі соққыға жығып, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Әйел көгерген денесін көрсетіп желіге видео салып, көпшіліктен көмек сұраған еді.

Алайда, күйеуі өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған. Гитарист уақытша қамауға алынған болатын. Артынша Бауыржан Ашығалиевті темір торда ұстау жазасы үй қамаққа ауысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир