Қаулы 6 қыркүйектен бастап күшіне енді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жерге экономикалық бағалау жүргізіп, мониторинг жасайтын институт құрылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп - қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Кәсіпорынның міндеті – жерді экономикалық бағалау, оған мониторинг жүргізу, топырақты зерттеу, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу, – делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.
Сонымен қатар тиісті қаулымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тікелей бағынатын мына құрылымдар енді Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді:
Қаулы қол қойылған күннен, яғни 6 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Жолдау-2023: Ауыл шаруашылығын дамыту жолдары қандай - мамандар пікірі