|
04.03.2021 | 15:31
2566

Қазақстандық оқушы халықаралық математика лигасында жүлделі 1 орын алды

Нұрасылдың әкесі Нұржан Әшірбеков баласын әлеуметтік желіде құттықтап, онымен мақтанатынын айтты

Қазақстандық оқушы халықаралық математика лигасында жүлделі 1 орын алды facebook.com/nurzhan.ashyrbekov

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олимпиадаға әлем бойынша 16835 талапкер қатысқан. Екінші кезеңге оның 5672 ,ал үшінші кезеңге үздік 629 оқушы өткен. Нұрасыл Бейсенбай ең мықты бестіктің ішінен бірінші орын орынға ие болды. Ол тапсырманы толық орындап, ең жоғары 100 балл алған.

Нұрасылдың әкесі Нұржан Әшірбеков баласын әлеуметтік желіде құттықтап, онымен мақтанатынын айтты.

«Мен сенің жеткен жетістіктеріңді көргенде, төбем көкке бір елі жетпей қалады. Мен сені мақтан етемін. Өзіңе сен, алдыңа мақсат қой және оған жетуде аянып қалма. Мақсатына жеткенде, өзіңе деген сенімділігің одан сайын арта түседі. Жаңа белесің құтты болсын, балам», – деп жазды ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир