|
04.03.2021 | 21:45
7237

Үлкен кедергі: Алматы халықаралық әуежайының орнитологтары шекаралас тұрған аудан билігіне үндеу жасады

Құстар әуежай аймағында жақын орналасқан егін алқабы мен сол маңдағы қоқыс үйінділерінің кесірінен көбейіп кеткен

Үлкен кедергі: Алматы халықаралық әуежайының орнитологтары шекаралас тұрған аудан билігіне үндеу жасады Almaty.tv

Алматы халықаралық әуежайының орнитологтары шекаралас тұрған аудан билігіне үндеу жолдады. Қызметкерлер ұшақтардың қауіпсіздігін қамтамамсыз етуде құзырлы органдардың көмегіне зәру. Олардың сөзінше, құстар әуежай аймағында жақын орналасқан егін алқабы мен сол маңдағы қоқыс үйінділерінің кесірінен көбейіп кеткен. Бұл әуе көлігінің ұшып қонуына қауіпті. Almaty.tv тілшісі тарқатады.

Алматы халықаралық әуежайы Орнитология қызметінің басты мақсаты – құстарды әуе лайнеріне жолатпау. Алайда ол оңайға соқпайтын көрінеді. Себебі әуежай маңында егін алқабы бар. Соған орай орнитологтар әуежай аумағымен шекараласатын Алматы облысының Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ және Алматының Түрксіб ауданы әкімдіктеріне өтініш жасады. Олар сол аумақта құстар жиналатындай шаруашылыққа жол бермеуді сұрайды. Екінші, қоқыс мәселесі. Қызметкерлердің сөзінше, биыл қанаттылар саны көбейген. Бұл әуе көлігінің ұшып қонуына үлкен кедергі.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекте. Сол ұшақты ұшырып-қондыру кішкене қауіпсіз болса деп. Соны сұраймыз», – деді орнитолог Қанат Өтелбаев.

Әлемде соңғы 30 жылда ұшақ пен құстардың соқтығысынан 200-ден астам адам қаза тапқан. Зерттеу бойынша, авиа-апаттардың 27 пайызы қанаттылармен қақтығыс кезінде болған. Ал, елімізде сондай фактілердің бірі өткен жылдың аяғында Атырауда болған. Онда ұшақ қозғалтқышына құс кіріп, әуе кемесі апатты жағдайда әуежайға қайтадан қонған еді.

Ал елімізде құстарды атуға тыйым салынады. Сондықтан орнитологтар тек қолдарында бар дыбыс құралдарымен қанаттыларды үркітуге ғана қауқарлы.

Ұшақ пен құстардың қақтығысын болдырмау үшін қолданатын осындай арнайы дыбыс техникаларына қанаттылар үйреніп алған. Сол себепті жағдайды тек әуежай айналасын тазалау арқылы ғана ретке келтірсе болады.

Нұрқанат Атажан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир