Пандемияға байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шеру болмайды

14.04.2021 20:31

Әскери шеру былтыр да өтпеген

pobedarf.ru

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Отан қорғаушы және Жеңіс күндеріне арналған әскери шеру коронавирус бойынша эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты өпейтін болды. Сонымен қатар ведомствода іс-шараларға байланысты нақты жоспар бекітілмегенін айтты.

Еске сала кетсек, пандемияға байланысты әскери шеру былтыр да өтпеген.