|
16.01.2019 | 17:31
2292

1,5 мың қазақстандық мемлекетаралық іздеуде жүр

1,5 мың қазақстандық мемлекетаралық іздеуде жүр

1 мыңнан аса қазақстандық жасаған түрлі қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде жүр. Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қазақстан мен Иордания арасындағы құқық қорғау саласындағы келісімнің бекітілуінде осылай деді.

Мәжіліс депуттатары мақұлдаған құжатта екі ел қылмыскерлерді ұстау мен сотталған адамдарды беруге келіскен. Еліміз Иордания Хошемит патшалығынан бөлек, құқық қорғау саласында осындай қарым-қатынасағы 19 елмен түзген. Андрей Лукиннің сөзінше, бүгінде отанында түрлі деңгейдегі қылмысқа барып, шекара асқандарды халықаралық іздеу жұмыстары да жалғасуда.

«1499 адам халықаралық іздеуде болса, 1206 қылмыскерке мемлекетаралық ізденіс жарияланған. Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге 2017 жылғы 1 қарашада Астанада қол қойылды. Қазір осындай келісімшарт 25 елмен бекітілген. Куба, Грекия және Македония мемлекеттерімен де келіссөздер қаралып жатыр. Бұл келісім күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізуді қарастырады», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей ЛУКИН.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир