Мектеп оқушылары мен студенттер ауыр хәлде аудандық ауруханаға жеткізілді
Жамбылда мектеп оқушысы мен бірнеше студент отырған автокөлік апатқа ұшырады. Салдарынан кәмелетке толмаған 16 жастағы екі бала мен 17 және 18 жастағы студент ауыр хәлде аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көлік апаты «Тараз-Жаңатас» бағытындағы тас жолда сағат 4:00-де болған. Жасөспірімнің бірі әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп, облыс орталығына кетіп қалған. Олар облыстық маңызы бас жолда жоғары жылдамдықта жүріп, көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған. Салдарынан төрт жолаушы да жансақтау бөліміне түсті. Жағдайы ауыр болғандықтан 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға шұғыл ауыстырылды. Ал полиция жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жас баланың ата-анасына қатысты іс қозғады.
– 2007 және 2008 жылғы балалар ашық ми жарақатымен түсті. Өте жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Алдағы уақытта облыстық ауруханаға ауыстыруды жоспарлап отырмыз, – деді Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айнұр Кәлікова.
Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: жүргізуші ағашқа соғылып, мерт болды