Жантүршігерлік жол апаты: жүргізуші ағашқа соғылып, мерт болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Марқұмның денесін шығару үшін арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Ағашқа соғылып, мерт болды. Алматы облысы Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен ағашқа барып соғылған. Ауыр жарақат салдарынан ол жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім еткен. Соққының қатты болғаны соншалық, құтқарушылар марқұмның денесін шығару үшін арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

– Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Nissan Cefiro жүргізушісі Көкқайнар ауылында Алматы көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жалғасуда, – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда аттракцион істен шығып, 2 адам зардап шекті





Новости партнеров